Қаныбеков Шералы Оспанәліұлы

C:\Users\маслихат\Desktop\5 созыв ++\27. Қаныбеков Шералы Оспанәліұлы .jpg

Қаныбеков Шералы Оспанәліұлы 1953 жылы 5 қарашада дүниеге келген. Білімі  жоғары, 1977 жылы – Алматы энергетика институтын бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі: энергетик.

Еңбек жолын 1970-1972 жылдары Шардара ауданы 44-ПМК электр жөндеушісі болып бастаған. 1977-1978 жылдары Шардара ауданында Шардара ГЭС ауысым басшысы,1978-1981 жылдары Шардара ауданында Шардара ГЭС инженер-диспетчері, 1981-1986 жылдары Мақтарал ауданының АЭС бас инженері, 2003-2004 жылдары Мақтарал ауданы Жетісай АЭС басшысы, 2004-2006 жылдары Мақтарал ауданының Асықата АЭС басшысы, 2006-2008 жылдары Мақтарал ауданы Жетісай АЭС басшысы, 2008-2017 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Мақтарал ауданында «Мақтарал Сервис» МКК директоры қызыметін атқарады.

Шералы Оспанәліұлы Шардара және Мақтарал аудандарының өркендеуі жолында өзіндік ерекше орны бар құрметті азаматы. Өз ісінің шебері Шералы Оспанәліұлы бүгінде бірнеше маңызды шаруалардың басын қайырып жүр.

Қаныбеков Шералы Оспанәліұлының мемлекеттік марапаттары және құрметті атақтары: «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл», «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл», «ҚР Конституциясына 20 жыл» «ҚР мәслихаттарына 20 жыл», «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медальдарына ие болған.