Баймаханов Талғат

C:\Users\маслихат\Desktop\5 созыв ++\9. Баймаханов Талғат .jpg

Баймаханов Талғат 1953 жылы 10 шілдеде дүниеге келген. Білімі жоғары, 1977 жылы В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі: инженер-құрылысшы.

Еңбек жолын 1977-1978 жылы Шымкент қаласынада «Қазмежколхозпроект» жобалау институтының инженері, 1978-1981 жылы Ташкент қаласында СУ-4 шебері, прорабы, 1981-1981 жылы Шымкент қаласында «Главтранснефть» өндірістік-диспетчерлік бөлімінің инженері, 1981-1993 жылы Созақ ауданында «Шолаққорған» мұнай өңдеу станциясының басшысы, 1993-2017 жылы «ҚазТрансОйл» ЖАҚ Шығыс филиалының Шымкент мұнай құбыры басқармасының басшысы. 2017 жылдан бері еңбек ардагері.

Баймаханов Талғат өз саласының таптырмас маманы, жер асты байлығымыздың сапасы мен жоғары көрсеткіші жолында ерекше еңбек еткен. Созақ ауданының жер асты байлығын өңдеу барысында, елімізді сұйық отынмен қамтамасыз етуде нәтижелі үлес қосқан. Бүгінгі кезде Баймаханов Талғат еліміздің жас басшыларына үлгі болатын нар тұлғалы азамат еңбек ардагері болып отыр.

Іскелік жолында мемлекетіміздің бірнеше марапаттары мен құрметті атақтарына ұсынылып «Құрмет» ордені, «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл», «ҚР Парламентіне 10 жыл», ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл», «ҚР Конституциясына 20 жыл», «ҚР мәслихаттарына 20 жыл», ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медальдары, «За трудовое отличие» медалі, Созақ ауданының Құрметті азаматы атағын алған.