Өтенұлы Айдархан 1944 жылы Өзбекстан Республикасы, Ташкент облысының Сырдария ауданында туылған.

Ташкент электро–медициналық техникумын, Ташкент жеңіл өнеркәсіп және тоқыма институтын «Мақтаны алғашқы өңдеу саласының инженер-технологы» мамандығы бойынша аяқтаған.

1965-66 жылдары Ташкент қаласында техник-элекрик, рентген және электро–медициналық аппараттарды жөндеуші, 1966-70 жылдары жөндеуші, өндірістік бригада жетекшісі, механик, инженер, 1970-84 жылдары Киров мақта тазалау зауытында бас инженер, 1984-94 жылдары зауыт директоры болып жұмыс атқарған.

1994 жылы Киров мақта тазалау зауытының ашық акционерлік қоғам болып қайта құрылуына байланысты «Ақ алтын» ААҚ-ның президенті болып сайланды. осы уақытқа дейін сол қызметті атқаруда.

1999-2012 жылдар аралығында облыстық мәслихаттың 2,3,4 шақырылымдағы депутаты.

«Құрмет» орденінің, «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері», «Қазақстан Республикасының құрметті спорт қайраткері» атақтарының иегері, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Ерен еңбегі үшін», «Оңтүстік Қазақстан облысына сіңірген еңбегі үшін» медальдарымен наградталған.

ІІ-дәрежелі «Атамекен», «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төс белгілерімен, Қазақ күресін дамытуға қосқан ерен еңбегі үшін «Алтын» медалімен марапатталған.

Оңтүстік Қазақстан облысының және Мақтарал ауданының құрметті азаматы атақтарының иегері