C:\Users\Администратор\Desktop\ҚА\Құрметті азаматтар окончательный\109. Өмірәлиев Әлібек Кәденұлы.jpg

Өмірәлиев Әлібек Кәденұлы 1947 жылы 6 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы Ленгір ауданы Георгиевка селосында дүниеге келген. 1965 жылы Георгиевкадағы 11 жылдық мектепті бітіріп, Алматы ауылшаруашылығы институтына түсіп, оны 1971 жылы инженер-механик мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолы:

1971-1980 жылдары алғашқыда Георгиевка селосындағы кәсіби техникалық училищеде мұғалім, кейіннен Сайрам ауданына қарасты «Бадам» бордақылау кеңшарында аға инженер, «Ленин жолы» кеңес шаруашылығында бас инженер, облыстық тресте бас инженер;

1980-1992 жылдары Шымкенттегі Ауданаралық «Агроөнеркәсіптіктехника» бірлестігінде бас директор, облыстық «Облагроөнеркәсіптехникасы» бірлестігінде бөлім бастығы, облыстық «Камаз» автоорталығында бас инженер, облыстық ауылшаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары;

1992-2003 жылдары «Ордабасы» сауда үйінің президенті, «Қазақстан мақтасы» корпорациясының директоры;

2003-2009 жылдары облыстық «Орман және жануарлар әлемін қорғау, табиғат пайдалануды реттеу» басқармасының бастығы;

2009-2010 жылдары «Шымкент агроколледжінде» директор;

2010 жылдан «Сайрам су» өндірістік кооперативінің кейіннен «Али Шах» ЖШС-нің төрағасы;

2013-2014 жылдан қоғамдық негізде Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы;

2014 жылдың желтоқсан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы.

Облыстық қоғамдық кеңестің және облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі.

2016 жылы «Құрмет» орденімен, 2006 жылы «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», 2011 жылы «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», 2015 жылы «Қазақстан мәслихатына 20 жыл» мерекелік медальдарымен, 2015 жылы облыс әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін», 2004, 2005, 2006 жылдары облыс әкімінің, 2007 жылы қала әкімінің алғыс хаттарымен және 2008 жылы облыстық мәслихаттың грамотасымен марапатталған.