Әшірбек Төребайұлы Сығай 1947 жылы  Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласында дүниеге келген. Театр сыншысы, аудармашы, педагог. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының, Тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты. «Құрмет» орденінің иегері. Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры. Кентау, Түркістан қалаларының, Оңтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы.

1969 жылы Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы бітірген. 1974 -1978 жылдары Қазақстанның Мәдениет министрлігінде театр бөлімінің бастығы,

1978 — 1979 жылдары Алматыдағы өнер басқармасының бастығы әрі коллегия мүшесі,

1979 -1983 ж. Қазақстан КП ОК-інің мәдениет белімінде нұсқаушы,

1983 — 1989 ж. Қазақстан мәдениет министрінің орынбасары,

1989 — 1991 ж. Алматы театр және кино институтының ректоры,

1991 — 1994 ж. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің 1-орынбасары болып қызмет атқарған.

1994 жылдан  Қазақ ұлттық өнер академиясындағы өнертану факультетінің профессоры.

2003 жылдан Қазақстан Мәдениет, туризм және спорт министрлігінің Алматы каласындағы өкілі.

Кітаптары

Әшірбек Сығай келесі кітаптардың авторы:

    «Іңкәр шақ» (1978)

    «Сыр сандық» (1981)

    «Сахнаға сапар» (1990)

    «Жарнама алдындағы ой» (1993)

    «Сахна саңлақтары» (1998; Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы, 2000),

    «Театр тағылымы» (2003)

    «Толғам» (2004),

    «Талдықорған театры» (2005), т.б. .

Марапаттары

Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2000). «Құрмет» орденімен марапатталған (2004)