C:\Users\Маслихат\Desktop\Құрметті азаматтар окончательный\96. Әріпбай Қойшыбай Көлбайұлы.jpg

Әріпбай Қойшыбай Көлбайұлы 1939 жылдың 2 маусымы күні Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданы, Күшата ауылында дүниеге келген, ұлты қазақ, білімі жоғары, 1956-1961 жылдары Қазақ Мемлекеттік ауылшаруашылығы институтында оқып, ғалым агроном мамандығын алған.

Әріпбай Қойшыбай Көлбайұлы 1961-1962 жылдары Түркістан ауданындағы Крупская колхозында экономист, 1962-1971 жылдары Алғабас ауданының XXII Партьсезд совхозында аға, бас агроном 1971-1972 жылдары Шымкент облыстық партия комитетінде ауылшаруашылығы бөлімінің инструкторы,1972-1975 жылдары Сарыағаш ауданының Дарбаза совхозының директоры, 1975-1983 жылдары Алғабас аудандық партия комитетінің екінші, бірінші хатшысы, 1983-1985 жылдары Мақтарал аудандық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары, ауылшаруашылығы басқармасының бастығы, 1985-1993 жылдары Ордабасы ауданы Бөржар совхозының директоры, 1993-2006 жылдары Ордабасы ауданы ауылшаруашылығы басқармасының бастығы болып істеп, зейнеткерлік жасқа келген соң шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға атсалысып, 2006 жылдан «Дархон-Арон» өндірістік кооперативінің төрағасы, жалпы еңбек өтілі 44 жыл мемлекеттік қызметте, 10 жыл жеке кәсіпкерлік саласында.

Әріпбай Қойшыбай Көлбайұлы ауылшаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызметтегі ұзақ жылғы еңбектегі табыстары мен қоғамдық жұмыстарға белсенді араласқаны үшін үлкен құрметке ие болған; 1967, 1969, 1981 жылдары «Еңбек Қызыл ту «орденімен, 1967 жылы Кеңес одағы ауыл шаруашылығының жетістік көрмесінің қола медалімен, 1974 жылы «Қазақстанда тың жерлерді игерудің 20 жылдығы» төс белгісімен, 2011 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалімен, 2014 жылы «Еңбек даңқы» белгісімен, 2004 жылы «Ордабасы ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді, 2016 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.