C:\Users\Маслихат\Desktop\Құрметті азаматтар окончательный\22. Әжіметұлы Нұрмұханбет.jpg

Нұрмаханбет Әжіметұлы 15.05.1927 ж.т,. Қазығұрт ауданы, Қазығұрт ауылында дүниеге келген.

Партия, кеңес қызметкері, қоғам қайраткері Аудан орталығындағы Ленин орта мектебін (1933-43) бітірген соң, Ленин атындағы колхозда ферма есепшісі, басқарма бастығының хатшысы, ауылдық кеңестің хатшысы (1943-47) болып еңбек етті.

1948-53 ж. Алматы малдәрігерлік-зоотехникалық институтта оқып, мал дәрігері мамандығы бойынша диплом алды.

Георгиев ауданы, Ленгір МТС бас маманы (1953-57), Ленгір ауданы атқару комитеті төрағасының орынбасары (1957-58), ОҚО–ның партия комитетінің бөлім меңгерушісінің орынбасары (1958-1962), Гурьев (Атырау) облысының обкомының бөлім бастығы (1962-65), Шымкент облысы Қазығұрт ауданында ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, дайындау басқарма бастығы (1965-69), Түлкібас ауданының атқару комитетінің төрағасы (1969-75), Алғабас (1975-79), Келес (1979-85) аудан партия комитеттерінің бірінші хатшысы, облыстық кәсіподақ кеңесінің бөлім меңгерушісі (1985-88) қызметтерін атқарды.

1954 жылы Қазақстан ЛКСМ съезінің делегаты, 1964 ж СОКП Орталық партия комитетінің февраль Пленумына қатысқан. Қазақстан Компартиясы Орталық партия комитетіне мүше болып сайланды.

1988 жылдан бері ҚР-на ерекше еңбегі сіңген зейнеткер.

1991-96жылдары ОҚО, Кеңесте облыстық әкімшілікте , облыстық акиматтарда аға инспектор (жауапты оператор) қызметін атқарды.

1997 жылы Мекке-Мәдинаға барып, мұсылмандық парызын өтеп қайтқан.

Бүкілодақтық көрмеге қатысып, кіші алтын медаль иегері атанды. Екі рет «Еңбек Қызыл Ту», 2 рет «Құрмет белгісі» орденімен, 7 рет Кеңес Одағы медальдарымен, 2 рет Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. 2001ж. «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған. «Қазығұрттың мен де бір перзентімін» деген кітаптың авторы. Шежіреші.

Оңтүстік Қазақстан облысының және Қазығұрт, Төлеби, Түлкібас, Алғабас, Келес аудандарының Құрметті азаматы. Жұбайы-Нұрекенова Рабигүл-«Қазақ ССР-і халық ағарту ісінің озық қызметкері». Ұл-қыздары жоғары білімді мамандар.