C:\Users\Маслихат\Desktop\ҚА\Құрметті азаматтар окончательный\32. Әжібеков Бақтияр.jpeg

Әжібеков Бахтияр 1927 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы Қоссейіт ауылында дүниеге келген. Облыстық Д.А.Қонаев қоғамдық қорының президенті, республикалық дәрежедегі дербес зейнеткер.

Еңбек жолын 1947-1949 жылдары Шымкент қаласындағы екі жылдық мұғалімдер даярлайтын институтты бітіріп, алғашқы жұмысты мұғалім болып бастаған. 1950-1957 жылдары Қызылқұм, Киров аудандарында аудандық партия комитетінің үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі болып қызмет істеген.

1957 жылы облыстық партия комитетінің шешімімен Алматы қаласындағы Жоғары партия мектебіне түсіп, оны 1961 жылы бітірген.

1961-1964 жылдары Түлкібас аудандық партия комитетінің екінші хатшысы, 1964-1974 жылдары Сарыағаш аудандық партия комитетінің хатшысы, 1974-1987 жылдары Бәйдібек аудандық партия комитетінің хатшысы болып істеген.

1987 жылдан Республикалық дәрежедегі зейнеткер. 2002 жылдан бері облыстық Д.А.Қонаев қорын басқарады.

Бақтияр Әжібеков тікелей ұйымдастыруымен 2002 жылы басталған Д.А.Қонаевтың үш қабатты мұражай құрылысы бітіп, 2005 жылдың 24 маусымында салтанатты жағдайда ашылды.