C:\Users\Маслихат\Desktop\Құрметті азаматтар окончательный\95. Әбіш Дулатбек Назарбекұлы.jpg

Өмірбаян

Дулатбек Назарбекұлы 1962 жылы 13 наурызда дүниеге келген. 1988 жылы Жезқазған педагогикалық институты, 1998 жылы Шымкент экономика және құқық колледжі, 1997 Алматы қаласы «Құқықтық журналистика» жоғарғы құқықтық мектебі, 2003 жылы Москва қаласы КСG оқу орталығында жоғары білім алған. Мамандығы бойынша біліктілігі: журналист, заңгер.

Еңбек жолын 1996-2007 жылдары, Шымкент қаласында «Айғақ» газетінің директоры, бас редакторы болып бастаған. 2007 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласында «Айғақ» телерадиокомпаниясы» ЖШС-нің бас директоры болып қызмет атқарады.

Дулатбек Назарбекұлы телевидене саласында оңтүстігімізге сүбелі еңбек сіңірген азамат.Обылысымыздағы аудандардың маңызды мәселелерін шешуде ақпараттық жағынан қолдау танытып келе жатқан ел азамты. Бүгінгі таңда Дулатбек Назарбекұлы «Айғақ» телерадиосын басқарып халықтың мұң-назын басшылықпен бірге шешуге үлекен үлес қосып кележатыр.

Еңбек жолында алған мемлекеттік марапаттары мен құрмет атақтары: «Құрмет» ордені, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальдары, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хаттары, Оңтүстік Қазақстан облысының Грамотасы, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін», «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» медальдары, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай «Бауырмал» сыйлығының иегері, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі, Бәйдібек, Төлеби аудандары мен Арыс, Шымкент қалаларының Құрметті азаматы, Қазақстанның Құрметті журналисі деген марапаттарға ие болған.