C:\Users\Маслихат\Desktop\Құрметті азаматтар окончательный\122.Әбдіраманов Аманәлі.JPG

Аманәлі Әбдіраманов КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, КСРО-ның Құрметті металлургі.

Украинаның Днепродзержинск қаласындағы №8 техникалық училищесінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге білім алған.

Ел ағасы қажыр қайраты мен отанға деген сүйіспеншілігінің арқасында талай жыл жемісті еңбек атқарып, Қорғасын зауытында қызмет істеді. Қазақстандағы ауыр өнеркәсіптің дамуында өзіндік қолтаңбасын қалдырған азаматтың әрбір ісі өскелең ұрпаққа өнеге. Шымкент қаласының Құрметтісі атанған ардақты жан қандай марапатқа болсын лайықты. Өйткені, ол қатарластарынан оза шауып, металлург мамандығында өмір бойы қызмет еткен бірден бір жан. Қоғамдық тірліктерге де етене араласып, азаматтық парызын орындап жүр.

1982 жылы КСРО-ның мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанса, одақтың құрметті металлургі атағы осы уақытта берілді.

Шымкент қаласының «Құрметті азаматы».