Үмбетәлиев Алтынсары Дүйсенбекұлы 1958 жылдың 13 қарашасында Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданында дүниеге келген.

Алтынсары Дүйсенбекұлы салық және қылмысқа қарсы күрес салаларында еңбек еткен. 2001 – 2007 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облыстық қаржы полициясын басқарса, көп өтпей Жамбыл облыстық қаржы полициясының басшысы болды. 2008 – 2010 жылдар аралығында «Шымкент университетінде» жауапты қызметтер атқарды. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша заңдылықты қамтамасыз ету, құқықтық тәртіп және қылмысқа қарсы күрес үйлестіру кеңесінің мүшесі, экономика ғылымдарының докторы, профессор. Ол сондай-ақ, инженер-механик, экономист, заңгер мамандықтарының иегері, қаржы полициясының полковнигі.

ОҚО мемлекеттік Кірістер департаментінің эксбасшысы