C:\Users\Маслихат\Desktop\Құрметті азаматтар окончательный\104. Құрманбеков Мамыт Дәуренбекұлы.jpg

Құрманбеков Мамыт Дәуренбекұлы 1942 жылы Отырар ауданы, Отырар ауылдық советінде Қызыл-ту колхозында жұмысшы болып бастап, Қызыл-ту совхозында түрлі шаруашылықта қызметтер атқарып, соғысқа деген азық-түлік ет, сүт, астық, жүнді және киім-кешекті жіберіп, Шалдар еңбек батальонына Кеңес армиясына қосылып, өзінің азаматтық борышын өтеуге кетті. Ұлы Отан соғысынан аман-есен оралып, 1947 жылы Шәуілдір мемлекеттік банкісінде бухгалтер болып орналасып, аға бухгалтері, 1948 жылы Шәуілдір мемлекеттік банкісінің бас бухгалтерінің орынбасары, 1950 жылы Совет армиясы қатарына шақыртылып, Ярославль қаласындағы кіші командирлер дайындайтын 12673 әскери бөлімінің Урал-әскери округіне қарайтын Полк мектебінде курсант болды. Полк мектебін бітіргеннен кейін ары қарай қызмет атқару үшін Пермь қаласындағы 41071 әскери бөлімінде қызметін жалғастырды. ҚР банкінің бұйрығымен мемлекеттік банктің Шәуілдірдегі бөлімшесінде 40 жыл абыроймен қызмет атқарды. Мақтарал, Отырар аудандарының Құрметті азаматы. Ұлы Отан соғысының ардагері. «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.