C:\Users\Маслихат\Desktop\Құрметті азаматтар окончательный\105. Қыстаубаев Марат Жұмабекұлы.jpg

Қыстаубаев Марат Жұмабекұлы — 1940 жылы Алматы қаласында туылған. 1958 жылы Түлкібас ауданының Балықты орта мектебін бітіргеннен кейін Қазақстан комсомолының үндеуіне қосылып, Қазақстан магниткасына ұлттық кадр дайындау мақсатында Украин ССР-ның Днепродзержинск қаласына техникалық училищесіне оқуға түсіп, 1960 жылы «Домнапешінің» горновой мамандығын және 1971 жылы Қызылорда қаласындағы Н.Гоголь атындағы педагогикалық институтының биология факультетін сырттай оқып, биология пәнінің мамандығын алып шықты. Еңбек жолын 1965 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы М.Әуезов атындағы орта мектебінің мұғалімі болып бастап, оқу ісінің меңгерушісі дейін көтеріліп қызмет атқарған. 1971-80 жылдар аралығында Машат ауылдық советінің хатшысы, ауылдық советтің төрағасы болған. 1980-1994 жылдар аралығында М.Әуезов атындағы орта мектебінің директоры, Жамбыл атындағы колхоздың кәсіподақ ұйымының төрағасы болып еңбек етті. Түлкібас ауданының Құрметті азаматы.