C:\Users\Маслихат\Desktop\ҚА\Құрметті азаматтар окончательный\77. Қунақ Карсенбай.jpg

Қунақ Кәрсенбай 1936 жылы Жамбыл облысы Сарысу ауданының Байқадам ауылында дүниеге келген.

Еңбек жолын 1955 жылғы маусым айында Сарысу ауданы «Жайылма» кеңшарында трактористің көмекшісі болудан бастаған.

Одан кейін 1957 жылы мемлекеттік ауыл шаруашылық институтына түсіп, оны 1962 жылы бітіріп ауыл шаруашылығы инженер-механигі мамандығын алған.

Институт бітіргеннен кейін 1962-1964 жылдары Сарысу ауданы «Байқадам» кеңшарында механик, 1964-1967 жылдары Мойынқүм ауданы «Чиганакский» кеңшарында бас инженер-механик, 1967-1969 жылдары Шымкент облыстық ауыл шаруашылық басқармасының бас инженері, 1969-1973 жылдары облыстық ауыл шаруашылық басқармасының мемлекеттіктехбақылауының бастығы болып қызмет атқарған. 1973-1975 жылдары облыстық партия комитетінің ауыл шаруашылық бөлімінің нұсқаушысы, ал 1975-1980 жылдары Ленгер аудандық партия комитетінің екінші хатшысы болып қызмет жасады. 1980-1994 жылдары «Шымкентауылшарқұрылысмонтаж» трестінің бастығы болған. 1994-2005 жылдары «Кавекс» бірлескен қазақ-германия фирмасының директоры қызметін атқарған. 1997 жылы зейнеткерлікке шыққан.

Қунақ Қ. еңбек жолында мол тәжірибе жинақтаған, білгір, жүрген ортасында сергек, көпшілік құрметіне бөленген, танымал азамат.

Зейнеткерлікке шыққаннан бері де қоғамдық өмірге ұлкен үлес косқан. Облыстық ардагерлер кеңесінің белсенді мүшесі ретінде халық арасында жүргізілетін іс-шараларға аянбай араласып, әсіресе жас ұрпақ тәрбиесіне қажыр-қайратын да, тәжірибесін де, уақытын да қалтқысыз жұмсаған. Өзінің өмірлік және қоғамдық тәжірибесін жастарға үйретуден жалықпаған. Жастарды отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа, парасаттылыққа тәрбиелеуде өзінің қомақты үлесін қосқан ардагерлердің бірі де, бірегейі. Жергілікті өкілетті және атқарушы органдар мен жұртшылық алдында абыройлы ел ағасы.

Ең басты жетістігі өзін қай ортада қалай ұстау қажеттігін шебер меңгерген азамат. Сол қасиеті оны өзгелерден ерекшелеп түрады. Табиғат берген рухани байлық та өзінің болмысын асқақтата түскендей. Бір сөзбен айтқанда сөзімен ісі үйлескен, ұрпағына берер тәлімі мол ел атасы.