C:\Users\маслихат\Desktop\Сайт\Құрметті азаматтар окончательный\130.Қуашбай Саттар.jpeg

Қуашбай Саттар 1955 жылы 24 мамырда Төлеби ауданының Алғабас ауылында дүниеге келген.

Еңбек Қызыл ту орденді С.М.Киров атындағы (қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) Қазақ мемлекеттік университетін, Орта Азиялық гуманитарлық экономикалық институтын бітірген. Мамандығы экономист, географ, заңгер.

Экономика ғылымдарының докторы, профессор.

Жоғары оқу орнын бітірген соң 1981-1983 жылдары Жезқазған педагогика институтында оқытушы, 1983-1985 жылдары осы институтта аға оқытушы, 1984-1985 жылдары Жезқазған педагогика институтында кәсіподақ комитетінің төрағасы, 1985-1989 жылдары Алматы Халық шаруашылығы институтының Шымкент филиалында аға оқытушы, 1989-1990 жылдары Қазақ экологиялық орталығында аға ғылыми қызметкер, 1990-1991 жылдары педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтында аға оқытушы, 1991-1999 жылдары осы институттың проректоры, 1996-1999 жылдары «Ұлағат» университетінің Шымкент филиалының директоры. Бүгіндері Шымкент университеті Экономика институтының директоры қызметін аброймен атқаруда.

Елге сіңірген еңбегі лайықты бағаланып, 2006 жылы «Құрмет» орденімен награтталған; Төлеби ауданының Құрметті азаматы атанып, «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері», «ҚР Білім беру ісінің үздігі»; «Нұр Отан» партиясының, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» және басқа да медальдармен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің және облыстық, аудандық мәслихаттың грамоталарымен марапатталған.