C:\Users\Маслихат\Desktop\Құрметті азаматтар окончательный\103. Қосмамбетов Төлебек.jpg

Қосмамбетов Төлебек 1947 жылғы 5 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласында туған. Қазақ.

Алматы халық шаруашылығы институтын инженер-экономист мамандығы бойынша бітіргеннен кейін еңбек жолын 1969 жылы Қазақ КСР-ның Мемлекеттік жоспарлаудыңаға экономисі қызметінен бастаған. 1971 жылдан бастап еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс қаласында қалалық атқару комитетінің нұсқаушысы болып жалғастырды. Біліктілік және экономикалық иерархияның барлық баспалдақтары бойынша сатылай отырып, мол тәжірибе жинақтады. 1973-1981 жылдары Арыс қалалық қаржы бөлімінің басшысы, 1981-1988 жылдары Шымкент облыстық қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 1988-1997 жылдары облыс әкімшілігінің облыстық халықты әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы, Қазақстан Республикасының Еңбек және Халықты әлеуметтік қорғау министрліктері біріктірілгеннен кейін 1997-1998 жылдары облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бас басқармасының бастығы, 1998-1999 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының Көші-қон және демография басқармасының бастығы болды. Қажырлы еңбегінің арқасында мол тәжірибе жинақтады. 1999 жылғы желтоқсаннан бастап екінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, 2004 жылғы қарашадан бастап үшінші сайланымның депутаты, ал 2007 жылғы тамыздан бастап үшінші сайланымның депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі болған. Қазақстан Республикасының заңнамалық базасын жетілдіруге қомақты үлес қосқан, Қазақстан халқы мен мемлекет мүддесіне сай заңдар қабылдауға белсене араласқан.

Т.Қосмамбетов өзінің біліктілік деңгейін әрдайым арттырып отыруға көп көңіл бөледі. 1993 жылы Ресей Федерациясы Үкіметінің жанындағы Ауыл шаруашылығы академиясын табысты бітіріп, ғылыми дәрежеге ие болды, жоғары білікті менеджер. 2001 жылы Мәскеу қаласында кандидаттық диссертация қорғады, Ресей Федерациясының Білім министрлігі жанындағы жоғары аттестациялық кеңес оған экономика ғылымының кандидаты деген ғылыми атақ берді. Мемлекет алдындағы ерен еңбегі үшін үкіметтік наградалармен, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен, «Қазақстан темір жолына 100 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» атты мерейтойлық медальдармен марапатталды. «Құрмет» орденінің кавалері.