C:\Users\Маслихат\Desktop\ҚА\Құрметті азаматтар окончательный\76. Қанаев Ережеп Көбейұлы.JPG

Қанаев Ережеп Көбейұлы 1945 жылы 1 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының Қызылту ауылында туылған.

Білімі жоғары, инженер-құрылысшы, 1964 жылы Шымкент құрылыс техникумын, 1972 жылы Қазақ химия-технология институтын бітірген.

Еңбек жолы:

1962-1963 жылдары «Шымкентпромстрой» тресінің тас қалаушысы, 1963-1964 жылдары «Алға» қызылша кеңшарының құрылыс мастері, 1965-1966 жылдары Мақтаарал ауданы Ильич ауданаралық базасының қоймашысы, 1966-1968 жылдары Мақтаарал ауданы «Славян» мақта кеңшарының құрылыс мастері, 1968-1990 жылдары Мақтаарал ауданы құрылыс-жөндеу басқармасының құрылыс шебері, 1990-1992 жылдары Халық депутаттары Мақтаарал аудандық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы, 1992-1993 жылдары СП «Отырар интернэшнл» компаниясының бас директоры, 1993-2007 жылдары «Мақтаарал» акционерлік қоғамының президенті қызметтерін атқарған.

2007 жылдан «Окси» ЖШС директорының орынбасары.

Халық депутаттары Мақтаарал аудандық, поселкелік кеңестерінің депутаты болған.

№12 «Мақтазауыт» сайлау округінен бірінші шақырылымдағы Мақтаарал аудандық мәслихатының, №28 «Атакент» сайлау округінен екінші шақырылымдағы Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының, №28 «Атакент» сайлау округінен үшінші шақырылымдағы Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының, №28 «Атакент» сайлау округінен төртінші шақырылымдағы Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының, №28 «Атакент» сайлау округінен бесінші шақырылымдағы Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты.

Мақтаарал ауданының Құрметті азаматы.

«Құрмет белгісі», «Құрмет» орденімен, «Лениннің туылғанына 100 жыл», «Тыңға 50 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» «Қазақстан Республикасы Конституциясына 10 жыл» «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальдарымен, көптеген грамоталармен марапатталған.