http://aitysker.org/wp-content/uploads/2014/03/--selh-1024x682.jpg

Әселхан Әлшеріқызы Қалыбекова 1950 жылы 22 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында дүниеге келген.

Әселхан Қалыбекова белгілі халық ақыны Ергөбек Құттыбайұлының ұрпағы.

1966 жылы Көксарай елді мекеніндегі М. Әуезов атындағы орта мектебін бітірген. 1970 жылдары аудандық мәдениет бөлімінде, аудандық газет редакциясында қызмет етті. 1971-1991 жылдары аралығында аудандық ауа райы мекемесінде бақылаушы қызметін атқарған. 1981 – 1982 жылдары суырып салма айтыс ақындарының додасына қатыса бастады.

Әселханның айтыс өнеріне қосқан үлгі-өнегесі мол. Ақын апа айтыс әлемінде алып самұрыққа ұқсайтын, қанатымен дауыл тұрғызып, екпінімен найзағай ойнататын, елінің ең сүйікті перзентіне айналған. Республикамызға танымал белгілі ақындардың бәрімен кездесіп, аймақтық, республикалық, халықаралық көптеген дүбірлі айтыстарда намысты қолдан бермеген, от ауызды орақ тілді, арқалы ақын.

От ауызды орақ тілді, қазақтың арқалы айтыскер ақын қызы. 1990 жылы Қазақ КСРнің Халық ақыны, 1989 жылы Қазақстан жазушылар одағының Жамбыл атындағы халықаралық сыйлығының тұңғыш лауреаты, Отырар ауданының Құрметті азаматы, 1989 жылы Қазақстан жазушылар одағының Жамбыл атындағы халықаралық сыйлығының тұңғыш лауреаты. 1990 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 6 сәуіріндегі жарлығы бойынша «Қазақ КСРнің Халық ақыны» құрметті атағымен, 2001 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі, 2005 жылы «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медалі, 2005 жылы Елбасының Жарлығымен еліміздің жоғарғы мемлекеттік наградасы «Парасат» орденімен, 2015 жылы «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» медалімен және де көптеген медальдармен және сыйлықтармен марапатталған.