Әлия Мақсұтқызы Жүсіпова (15 мамыр 1984 жыл, Шымкент, Оңтүстік Қазақстан облысы). Көркем гимнастика спорт шебері. Осы спорттан Олимпиадаға Қазақстаннан жалғыз жолдаманың иегері.

2010 жылдан бері — көркем гимнастикадан ҚР құрама командасының аға жаттықтырушысы. Дүниежүзілік дәрежедегі төреші.

Өмірбаян

1990-2002 жылдары А. Байтұрсынов атындағы №50 мектебінде оқып орта білім алған.

2002-2006 жылдары М. Әуезов атындағы ОҚМУ-ің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығында оқыған.

2006-2008 жылдары М. Әуезов атындағы ОҚМУ-ің «Педагогика және психология» мамандығының магистратурасында оқыған.

1990 жылы Шымкент қаласының № 3 ОРСТМБЖСМ- не көркем гимнастика секциясына жазылған.

2001 жылдан бастап Москва қаласындағы Виннер Ирина Александровнаның басқарып отырған көркем гимнастика мектебінде жаттыға бастаған.

2002 жылы Кореяның Пусан қаласында өткен Азия ойындарының күміс (II орын) жүлдегері болған.

2004 жылы Афины қаласында өткен Олимпиадалық ойындарының IV орын иегері болған.

2005 жылы Түркияда өткен Әлем Универсиядасында доппен орындаудан қола (III) жүлдегері болған.

2006 жылы желтоқсан айында Катар мемлекетінің Доха қаласында өткен Азия ойындарының абсолюттік (I орын) чемпионы болған.

2007 жылы Тайланд мемлекетінің Бангкок қаласында өткен Әлем Универсиядасында булавамен орындаудан қола (III орын) жүлдегері болған.

2008 жылы Қытай елінің Пекин қаласында өткен Олимпиада ойындарының V орын иегері болған.

2009 жылы Сербия мемлекетінің Белград қаласында өткен Әлем Универсиядасында көпсайыстың қола  (III орын) жүлдегері және обручпен орындауда күміс (II роын) жүлдегері болған.

2009 жылы Қазақстанда Астана қаласында өткен Азия Чемпионатының абсолюттік (I орын) чепмионы болған.

Жалпы есеппен алғанда Қазақстанның 10 дүркін чемпионы болған.

2000 жылы – «Спорт шебері» дәрежесін алған.

2001 жылы – «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» алған.

2006 жылы – «Еңбегі сіңген спорт шебері» дәрежесін алған.

2004 жылы Қазақстан Республикасының «Ерен еңбегі үшін» орденімен марапатталған.

2008 жылы Бүкіләлем гимнастика федерациясының табыс еткен «Әлем деңгейіндегі гимнастшы» медалімен марапатталған.

2010 жылы Қазақстан Республикасының «Ұлттық Олимпиадалық комитетінің» орденімен марапатталған.

2010 жылы бастап Қазақстан Республикасының аға жаттықтырушысы қызметін атқара бастаған.

2010 жылы 17 қыркүйектен бастап осы уақытқа дейін ШҚ № 9 көркем гимнастикадан СТМБЖСМ-ің директоры қызметін атқаруда.