https://kmk.kz/images/uploads/museum/10561080108910911085108610826.jpg

Рәзия Шәкенқызы Ысқақова 1922 жылы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Төменарық стансасында дүниеге келген.

Еңбек және соғыс ардагері, Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы. КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі. Шымкент медициналық техникумын бітірген. 1939 жылы ауыл медициналық пунктінде меңгеруші болған. 1940 жылы Мақтарал ауданында Киров қаналын салуға қатысты. 1941 – 1946 жылдары Ресей, Украина жерінде соғысқа қатысып, көрсеткен ерліктері үшін «Қызыл жұлдыз», «Ерлігі үшін», «Флоренс Найтенгейл» орден, медальдарымен марапатталған. 1947 жылдан Шымкент қалалық, облыстық ауруханаларында аға медбике болып істеді. 1948 – 1959 жылдары Ысқақова облыстық кеңестің депутаты болды.

Исқақова Разия Шәкенқызы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен және ҚР Президентінің Ұлы Отан соғысына 50, 55 жыл Құрмет грамоталарымен марапатталған. Облыстық әскери комиссариаттың, облыстық аурухананың Құрмет кітабына тіркелген.