Боранбек  Шүкірбеков 10.11.1930 жылы, Арыс қаласында туған – қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығына еңбек сіңірген қайраткері. Социалистік Еңбек Ері. Қазақстан Республикасының дербес зейнеткері, «Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы».

 Еңбек жолын шопан болып бастаған. 1945 – 1961 жылдары Арыс ауданы Задария кеңшарында аға шопан, автодүкен меңгерушісі, 1961–1971 жылдары Шымкент ет комбинаты Арыс бөлімшесінің меңгерушісі, 1972 – 1973 жылдары Бөген аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары, 1973 – 1985 жылдары Задария мемлекеттік асыл тұқымды мал зауытының директоры, 1985 – 1995 жылдары облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы және агроөнеркәсіптік комитет төрағасының бірінші орынбасары, Шымкент мемлекеттік ауыл шаруашылығы тәжірибе стансасының директоры, ғылым өндірістік бірлестігінің бас директоры қызметтерін атқарды.

Боранбек Шүкірбеков  «Еңбек Қызыл Ту» (1976), «Ленин» (1982, 1986) ордендерімен марапатталған. КСРО Орталығы сайлау комиссиясының мүшесі (1983). КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты (1984 – 89)