Шыңғысбаев Әтірхан 1949 жылы 25 наурызда ОҚО, Төлеби ауданы, Алғабас ауылында дүниеге келген.1966 жылы Бірінші Мамыр орта мектебін бітіріп. Алматы зоотехникалық–малдәрігерлік институтына түсіп, 1971 жылы бітіріп шықты. Еңбек жолын  «Совет» колхозынада аға мал дәрігер, бас мал дәрігер, емдеу орталығының меңгерушісі, «Қазығұрт» совхозында аға малдәрігер, бас мал дәрігер, 1990 жылы «Қазығұрт» совхозының директоры қызметтерін атқарды. Төлеби аудандық мәслихатының IV-V шақырылымдағы мәслихат хатшысы қызметін атқарған. Қазірге кезде аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы. Көп жылғы жемісті жұмысы «Ерен еңбегі үшін» медалімен және бірнеше медальдармен марапатталған