Шуменов Бейбіт Әмірханұлы (19 тамыз, 1983 жыл) — кәсіпқой боксшы, WBA және ІВА бойынша дүниежүзі чемпионы

Әуесқой бокстағы жетістігі

Қазақстанның 2004 жылғы Олимпиада құрамасының мүшесі. 2003 жылы Үндістанда өткен Бірінші Африка-Азия ойындарының күміс жүлдегері. 2004 жылы Филиппинда өткен Азия чемпионатының алтын медаль иегері.

Кәсіпқой бокстағы жетістігі

02 тамыз 2008 жыл: Қазақстан Бейбіт Шүмен — Америка Құрама Штаттары Монтелл Гриффин

2008 жылы тамызда Қазақ елінде Бейбіт әлемнің чемпионы болған Монтелл Гриффинді (49-8-0, 30 KO) айқын басымдылықпен ұтты.

13 қаңтар 2008 жыл: Қазақстан Бейбіт Шүмен — Колумбия Эпифанио Мендоза

2008 жылдың қаңтарында Бейбіт, Вашингтон қаласында әлемнің экс-чемпионы колумбиялық боксшы Эпифанио Мендозаны (28-7-1, 24 KO) ұтты. Шүмен-Мендоза арасындағы он раундтық бәсекеге әділ қазылық жасаған төрешілер алқасы осы бәсекедегі жеңісті бірауыздан қазақ боксшысының қанжығасына байлап берді.

05 мамыр 2009 жыл: Қазақстан Бейбіт Шүмен — Америка Құрама Штаттары Байрон Митчелл

2009 жылы Мамырда Шымкент қаласында 33 жекпе-жек өткізіп, 27 рет жеңіске жеткен АҚШ азаматы Байрон Митчеллді (27-5-1, 20 КО) жеңіп, ІВА тұжырымы бойынша дүниежүзі чемпионы атағын алды. Сондай-ақ ол өзіне тиесілі WBO Asіa Pacіfіc, WBC Asіan және PABA-ның алтын белбеуін қорғап қалды.

29 қаңтар 2010 жыл: Қазақстан Бейбіт Шүмен — Испания Габриель Кампильо

Шүменов 29 қаңтар күнi Лас-Вегаста (Невада штаты, АҚШ) жартылай ауыр салмақтағы WBA тұжырымының алтын белдiгiнiң иесi испаниялық Габриэль Кампильомен жұдырықтасып, ұпай санымен жеңiске жеттi. Былтыр тамыз айында бұл екi боксшының Астанада жұдырықтасқанын жанкүйерлер жақсы бiледi. Сол жекпе-жекте испан боксшысы Бейбiттi ұпай санымен ұтып, әлем чемпионының алтын белдiгiне ие болған-ды. Алайда, осының артынша-ақ бүкiләлемдiк бокс ассоциациясы испан боксшысының жекпе-жектiң соңында допинг-сынақтан өтпегенiне байланысты кездесудiң нәтижесiн негiзсiз деп тауып, жекпе-жектi қайта өткiзу туралы шешiм шығарды. Он екi раундқа созылған Б.Шүменов пен Г.Кампильоның арасындағы жекпе-жекте қапталдағы үш төрешiнiң екеуi 117:111, 115:113 есебiмен жеңiстi отандасымызға берсе, бiр төрешi 117:111 есебiн испан боксшысының пайдасына шешкен.

23 шілде 2010 жыл: Қазақстан Бейбіт Шүмен — Украина Вячеслав Узелков.

Шілденің 23-і күні АҚШ-тың Калифорния штатының Лемур қаласында Бейбіт Шүменов Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBA) нұсқасы бойынша Әлем чемпионы атағын сәтті қорғап шықты. Бейбіттің бұл жолғы қарсыласы 22 кездесу өткізіп, оның 12-сін нокаутпен аяқтаған Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының құрлықаралық чемпионы украиндық Вячеслав Узелков болған. Көптеген спорт мамандары бұл кездесуді аса тәжірибелі В. Узелковтың жеңісімен аяқталады деп болжам жасаған еді. Бұған дейін бірде-бір рет жеңіліс тауып көрмеген Вячеслав Бейбітті мойындауға мәжбүр болды. 12 раундық жекпе-жек 118:108, 118:108, және 117:109 есебімен Әлем чемпионы Бейбіттің пайдасына шешілді.

8 қаңтар 2011 жыл: Қазақстан Бейбіт Шүмен — Америка Құрама Штаттары William Joppy

8 қаңтар күні Шымкентте өткен кездесуде WBA және IBA тұжырымдары бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы,кәсіпқой қазақ боксшысы Бейбіт Шүменов америкалық Уильям Джоппиді техникалық нокаутпен жеңді. Барлығы 6 раундқа созылған жекпе-жекте жерлесіміз үш дүркін әлем чемпионын тізе бүктірді. Бұдан бұрын қазақ боксшысы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Юрген Бремермен жекпе-жекке шығуы тиіс еді. Жарақатына байланысты кездесуден бас тартқан оның орнын Уильям Джоппи алмастырған болатын. Жерлесіміздің басымдығымен басталған кездесудің 5 кезеңінде америкалық нокдаун алды. Ал 6 раундта соққыға шыдамаған Джоппи кездесуді тоқтатуға мәжбүр болды.

3 маусым 2012 жыл: Қазақстан Бейбіт Шүмен — Мексика Энрике Орнелас

Бейбіт Шөменов (13-1-0, 8 КО) Энрике Орнеласты (33-8-0, 21 КО) жеңіп, өз атағын корғап қалды. Кездесу түн ауа Лас Вегас қаласындағы Hard Rock Hotel & Casino қонақ үйінде өтті. Кездесу толық 12 раундқа созылды. Шаршы алаңдағы айқастан соң төрешілердің барлығы бірауыздан 120–108 есебімен Бейбіт жеңіске жетті деп шешкен.[1]

14 желтоқсан 2013 жыл: Қазақстан Бейбіт Шүмен — Словакия Тамаш Ковач

Бейбіт Шүменов қарсыласы — словак Томаш Ковачты үшінші раундта нокаутқа жіберді. Бейбіт Шүменов осы бәсекеге дейін кәсіпқой бокста 14 жекпе-жек өткізіп, оның 13-де жеңіске жеткен. 8 жекпе-жекте қарсыластарын нокаутқа жіберген. Ал Томаш Ковач 23 жекпе-жектің барлығында жеңіске жетіпті. 14 жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтаған. Бұл оның алғашқы жеңілісі