Шерімқұлов Досыбай Айтбайұлы 1948 жылы 24 тамызда ОҚО, Отырар ауданы, Шәуілдер ауылында туылған. Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің депутаты (1990) жəне Қазақстан Компартиясының XVІ, XVІІ съездерінің делегаты.

1965 жылы Жамбыл атындағы орта мектепті, 1970 жылдары Қазақ ауыл шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша бітірген.       1970 – 1973 жылдары Отырар ауданындағы Қожатоғай кеңшарында еңбекақы жөнінде экономист жұмысын атқарды.  1973 – 1975 жылдары Қызылқұм ауданы комсомол комитетінің бірінші хатшысы болды. 1975 – 1976 жылдары облысы комсомол комитетінің екінші хатшысы жұмысын атқарды.   1976 – 1981 жылдары облысы партия комитетінде нұсқаушы, бөлім меңгерушісінің орынбасары, Ленгер ауданы партия комитетінің екінші хатшысы болды. 1981 – 1983 жылдары Ленгер ауданы атқару комитетінің төрағасы жұмысын атқарды. 1983 – 1985 жылдары облысы партия комитетінің ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі бөлімінің меңгерушісі болды. 1985 – 1991 жылдары Созақ ауданы партия комитетінің бірінші хатшысы жұмысын атқарды. 1991 – 1994 ж – ауданы атқару комитетінің төрағасы болды. 1994 – 1996 жылдары облысы мемлекеттңк сауда инспекциясының бастығы жұмысын атқарды. 1996 – 2001 жылдары облысы экология басқармасында, облыстық мемлекеттік сақтандыру мекемелерінде басшы қызметтінде болды. 2001 – 2005 жылдары облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаменті бастығының орынбасары, облыстық еңбек және халықты жұмыспен қамту басқармасының бастығы болды