C:\Users\Маслихат\Desktop\ҚА\Құрметті азаматтар окончательный\59. Шардарбеков Әбілдәбек.jpg

Шардарбеков Әбілдәбек 8 ақпан 1940 жылы Бәйдібек ауданы, Жүзімдік ауылында дүниеге келген.

1947 жылы Жүзімдік ауылындағы 7 жылдық мектептің 1 сыныбына қабылданып, ол мектепті 1954 жылы бітіріп шығып, 1954-1955 жылдары оқу жылында Шаян ауылындағы орта мектепті бітірген.

1955 жылы маусым айынан бастап, Жүзімдіктегі «Шаян Машина Трактор» станциясында жүргізушінің көмекшісі болып жұмыс жасай бастаған.

1958 жылы 22 тамызда Совет Армиясы қатарына шақырылып, Армия қатарында автоматчик, бөлімше, жеке взвод командирі болып қызметтер атқарған.

1962 жылы наурыз айында армия қатарынан келіп, бейбіт еңбекке араласқан. Алғашқы жұмыс орны Ауыл шаруашылығын механизацияландыру училищесінде гараж механигі болып бастап, 1963 жылы қараша айында Жамбыл ауылындағы кеңшарға гараж меңгерушісі болып алынған.

1977 жылы «Ақтас» кеңшарына кадр нығайту мақсатында партия комитетінің хатшысы болып ауыстырылған.

1980-1983 жылдары Алғабас аудандық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығы қызметін атқарған.

1983-1992 жылдары «Красная-Нива» кеңшарында директор болып қызмет атқарған.

1992 жылдан бастап жеке кәсіпкерлікпен айналысқан.

1998-2003 жылдары аудандық электр жүйесін басқарған.

2003 жылдан бастап «Бәйдібек-несие» КС» ЖШС-ін құрып, сол мекеменің басқарма төрағасы.