Халменов Құлахмет Дүйсенбекұлы 1926 жылы, Қызылорда облысы, бұрынғы «Коммунизм» ауылында дүниеге келген.

Құлахмет Дүйсенбекұлы Халменов – отставкадағы милиция генерал-майоры, еңбек жолын Ильич (Жетісай) ауданы халық сотының хатшысынан бастаған. Бір жылдық Алматы ІІМ мектебін  бітіргеннен кейін қатардағы  тергеушіден бастап жоғарғы лауазымды басшылыққа дейін өсті.

Халменов еңбек жолын халық сотының хатшысынан бастады. Қазақ КСР Ішкі істер министрлігінің Алматыдағы 1 жылдық мектебін (1945 ж), КСРО Ішкі істер министрлігінің Москвадағы жоғарғы мектебін бітірген (1948-50). 1958 жылға дейін Халменов Қазақ КСР-і Ішкі істер министрлігінің жүйесінде жауапты қызметте болды. 1958-59 жылдар аралығында Алматы облысы Ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары, бастығы болды. 1960-67 жылдар аралығында Жамбыл, ал 1968 ж. Шымкент облысы Ішкі істер басқармасының бастығы. 1970 жылы ішкі істер қызметінің генерал-майоры, 1972 жылы заң гылымының кандиданты, 1962 жылы КСРО Ішкі істер қызметіне еңбегі сіңген қызметкер болған

Оның атқарған лауазымының тізімінде, Алматы, Жамбыл, Шымкент  облысының ішкі істер басқармасын басқару, өзінің тікелей қатысуымен  ашылған Шымкент ішкі істер қызметкерлерін дайындайтын арнаулы оқу  орнының басшылығы бар.

Республика көлеміндегі  жоғарғы дәрежедегі  маман ретінде ол қиын  мәселелерді дер кезінде шешіп, өзінің  қарапайымдылығымен, әділдігімен және  тапсырылған міндетке асқан  жауапкершілігімен қарау сияқты  ізгі  қасиеттерімен басқаларға өнеге  көрсете білді. Шымкент облыстық  ішкі істер бөлімін басқарған кезінде оның  әлеуметтік инфро-құрылымдарын  жақсартуға зор үлес қосты. Атап айтқанда, Шымкент қаласында МАИ және қалалық милиция  бөлімінің ғимараты, ішкі істер  қызметкерлерінің  жағдайын жақсарту бағытында  санаторий,  демалыс орындары, балалар бақшасы мен аурухана ғимараты  және  тұрғын үй құрылыстары да бар.

Оның қажырлы және  үздіксіз еңбегі жоғары бағаланып мемлекет наградаларымен атап  өтілген. Ол «Қызыл Жұлдыз» орденімен,  көптеген медальдармен, Қазақ КСР-інің Жоғарғы Кеңесі Президиумының Мақтау  грамотасымен, КСРО және Қазақ ССР-інің ІІМ Мақтау грамотасымен марапатталған.

Шымкент қалалық мәслихатының 2000 жылғы 12 қазанындағы VII сессиясының № 73-2с шешімімен шешімімен Қ.Д.Халменовке, облыс және қаланың Ішкі Істер бөлімін құруға және нығайтуға үлкен үлес қосқаны үшін «Шымкент қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді