Шахарбек Усманов  1937 жылы Самарқан облысы Заамин ауданында дүниеге келген. Ташкент мақта-мата институттын бітірген. Мамандығы – инженер-технолог. Еңбек ардагері.

Еңбек жолын Славян мақта зауытында ауысым мастері болып бастады, одан соң өндіріс бастығы болды. 1964 жылы Түркістан мақта зауытына ауысып, цех бастығы болып тағайындалды. 1965 жылы Түркістан ауданы комсомол комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды, 1966 жылы республика комсомолы Орталық комитетінде жауапты қызмет атқарды.   1966 жылдан бастап тікелей өндіріске ауысты. Шымкент мақта зауытының, Түркістан мақта зауытының директоры болып тағайындалды. Ол басқарған 16 жыл ішінде зауыт ұжымы республика, одақ көлеміндегі алдыңғы саптағы кәсіпорындар қатарынан көрінді. 1985 жылдан республикалық «Каззаготхлопкопром» өнеркәсіптік бірлестігінің бастығы, ал 1994 жылы кәсіпорын «Каззаготхлопкопром» өндіріс бірлестігі болып қайта құрылуына орай бас директор болып тағайындалды. 1994 жылы «Мақта» акционерлік компаниясы құрылуына байланысты осы компанияның президенті болып тағайындалды, бұл қызметті 1996 жылдың желтоқсан айына дейін атқарды. 1996 жылдан «Шымкент мақта» акционерлік қоғамының президенті.

Құрмет белгісі» орденінің иегері. Республиканың еңбек сіңірген қызметкері. Түркістан қаласының Құрметті азаматы