Төлепбеков Алтынбек Дүйсенбекұлы «Домалақ ана» қорының Президенті.

Еңбек жолын еліміз егемендік алғаннан кейін кәсіпкерліктен бастады, бизнесті алғашқы бастаған азаматтардың бірі. 1996 — 1997 жылдары өз қаражаты есебінен Қаратаудағы Қостұра маңындағы Домалақ ана кесенесі, сонымен қатар сол жылдары бірнеше кесенелер қайта қалпына келтіріліп жаңадан тұрғызылды. М.Әуезов атындағы мектептің спорт залы құрылысына, Даубабағы жаңадан салынған мектепте, Жиынбайдағы мектептің спорт залына үлкен демеушілік көмек көрсетіп, Бәйдібек ауданындағы «Домалақ ана» сынды білім ұяларында жыл сайын түрлі спорттық жарыстар мен турнирлер ұйымдастырады. 2003 жылы Бәйдібек ауданында өткен қайырымдылық акциясына, Састөбедегі мектеп-интернатына, «Машат» ауылдық округіне қарасты «Еңбек» ұжымына қаржылай көмек көрсетіп, ұжымды тығырықтан алып шықты