Төлепбай Ерболат Тоғысбайұлы 1955 жылы 2 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Ленгер ауданы Қасқасу ауылында дүниеге келген.

1977 ж. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің көркемсурет-графика факультетін бітіген.

Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі.

Бүгінгі таңда Қазақ ұлттық өнер академиясының «Академиялық сурет және станоктік графика» кафедрасының профессоры.

1974 жылдан республикалық, бүкілодақтық, халықаралық көрмелердің тұрақты қатысушысы. Әлемнің 35 елінде, оның ішінде Франция, Италия, Германия, Индия, Қытай, Египет, Филиппин және басқа елдердегі көрмелерге қатысты. Оның салған суреттерімен ТМД мен Шығыс Еуропа елдерінің көрермендері әбден таныс. Бұған дәлел ретінде Ерболат Төлепбайдың Мәскеу қаласындағы Третьяков галереясында, Бішкек қаласындағы бейнелеу өнері мұражайындағы, Прага қаласындағы көркемсурет орталығында зор табыспен өткен дербес көрмелерінен соң оған Ресей Федерациясы көркемсурет академиясының академигі, Қырғыз көркемсурет академиясының академигі, Чехия көркемсурет академиясының академигі атағы берілді. Суретшінің шығармалары мемлекеттік Третьяков галереясында, Ресей Федерациясының мұражайларында, Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайында (Алматы), Қазақстан Республикасының облыстық мұражайларында, Қазақстан Мәдениет министрлігі Көркемсурет көрмелері дирекциясында, Қазақстан, ТМД, Европа, Америка, Азия елдеріндегі жеке коллекцияларда сақталған.

Қазақстанның жері мен адамдары, даласы мен қаласы, өткені мен қазіргісі, адамға деген сүйіспеншілік пен туған жері үшін жауапкершілік – суретші жұмыстарының басты тақырыптары болып табылады. Ерболат Төлепбайдыңөзіне ғана тән жұмбақәлемі, бұл – европалық мәдениет пен азиялыққұпия жан әлемінің кездесуі, европалық психологиялық талдаудың нәзіктігі мен көшпенділер ұрпақтарыныңәлемді сезінудіңәлеуетті космизмінің таңғажайып қосындысының сипаты.

АҚШ, Бельгия, Германия, Италия, Қытай, Үндістан, Франция т.б.елдерде ұйымдастырылған көрмелерге өз картиналарымен ұдайы қатысып келеді. Кескіндемешінің туындылары Қазақстан Мемлекет өнер мұражайында және Ресей  мұражайларында, ТМД, Азия, Америка мен Еуропадағы жеке меншік коллекциялар қорында сақтаулы. 1987 жылы Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының иегері.1990 жылы «Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген өнер қайраткері», 2001 жылы Платинды бас «Тарлан» тәуелсіз сыйлығының лауреаты атанды. 2002 жылы Кескіндеме саласы бойынша жетістіктері үшін Сальвадор Дали атындағы халықаралық альянс жүлдесі. (Мадрид-Прага), 2002 жылы EUROUNION жоғарғы марапаттауы. Брюссель, Бельгия. 2004 жылы Қазақстанның мемлекеттік сыйлығы берілді. 2006 жылы Францияның Әдебиет және өнер орденінің кавалері атанды. «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Россия, Чехия, Қырғызстан Өнер академияларының академигі