Нығмет Төлендиев 15 қараша 1922 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қаракемер ауылында туылған. Жазушы.

1941 жылы Түрген педагогикалық училищесін бітірген. 2-дүниежүзілік соғысқа катысқан. Алматы облысы, Қаскелең ауданы халық сотында, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде, Гурьев (қазіргі Атырау) облыстық сотында, Әділет басқармасында жауапты қызметтер атқарған.

«Ар туралы аңыз», «Терезедегі таңба», «Айсыз түн операциясы» повестері, «Әділет атымен» әңгімелер жинағы жарық көрген. Ордендермен, медальдармен, грамоталармен марапатталған