Қуанышбек Төлеметов 1942 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Майбұлақ ауылында туған. 1964 Қазақстан химия-технология институтын бітірген.

1965 — 1981 жылдары Шымкент асбест-цемент конструкциялары комбинатында инженер, директордың орынбасары, директор, 1981 — 93 жылдары аудандық, қалалық, облыстық әкімшілікте қызмет істеген.

1993-1999 жылдары «Шымкент мұнай өнімдері» АҚ-ның президенті. «Аппақ гүлдер», «Сағыныш», т.б. кітаптардың авторы.

Шымкент қаласының құрметті азаматы.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланған. Ордендермен, медальдармен марапатталған