Тәңірбергенов Рахым Көлбайұлы 1949 жылы 10 сәуірде дүниеге келген. Білімі  жоғары, 1989 жылы – Алматы ауыл шаруашылығы институты бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі: инженер-механик.

Еңбек жолын 1966-1968 жылдары Отырар ауданы Шәуілдір автобазасының слесары, 1968-1970 жылдары Кеңес Әскері қатарындағы қызметінде, 1970-1972 жылдары Отырар ауданы Шәуілдір автобазасының жүргізушісі, 1972-1990 жылдары Түркістан автобазасының инженер-механигі, бас инженері қызметінде болған.1990 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Түркістан қаласында «Жолаушы», «Рахим и К 1» ЖШС құрылтайшысы.

Рахым Көлбайұлы Отырар ауданының автобаза саласына елеуі еңбегі сінген азамат. Бүгінгі күнде Түркістан қаласының дамуына үлес қосуда.

Тәңірбергенов Рахым Көлбайұлының еңбегі мемлекетіміздің мынадай  марапаттары мен  құрметті атақтарына ие: «Құрмет» ордені, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл»,  «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл»,  «ҚР Парламентіне 10 жыл» мерекелік медальдарімен марапатталған