Еркінбек Тұрысов — 1927 жылы 12 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Талдыбұлақ ауылында туған. Шымкент педагогика институтын бітірген.

Ұлы Отан соғысы жылдарында 14 жасынан еңбек ете бастады. Қатардағы колхозшы, ауылдық кеңестің хатшысы, он жылдай (1946–1955) облыстық ішкі істер басқармасында саяси қызмет атқарды. «Оңтүстік Қазақстан» газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, меншікті тілші, кейінгі он жылда (1968–1978) аудандық «Алғабас» газетінің редакторы болды. 1978 жылдан шығармашылық еңбекте. Бәйдібек ауданының Құрметті азаматы. 1991 жылдан өзі негізін салған «Бәйдібек-Сыланды» қоғамдық қорының президенті.

Жазушының «Келіншектау», «Ақбақай», «Қыран тауы», «Құралай жолы», «Түндер сазы» атты кітаптары жарық көрген. Ал «Темірлан» романы, «Бәйдібек», «Қош, көгілдір керуен», «Қайран Сәкен», «Кемеңгерлердің керуені», «Нұржаудың нұрлы түндері», «Алыста қалған», «Досовтың соңғы күндері» атты эссе, хикаяттардың авторы.

Бірнеше рет мемлекеттік наградалармен, екі мәрте (1977, 1987) Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілген (1998). Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2005)