Зауытбек Қауысбекұлы Тұрысбеков 1951 жылы 15 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында дүниеге келген. Қазақ химия-технологиялық институтын және Алматы жоғары партия мектебін бітірген.

1973 жылдан — Қазақ химия-технология институтының оқытушысы — комсомол ұйымының хатшысы. 1977 жылдан Қазақстан ЛКЖО Шымкент облыстық комитетінің «Спутник» халықаралық жастар туризмі бюросының төрағасы. 1979 жылдан Қазақстан ЛКЖО Түлкібас аудандық комитетінің бірінші хатшысы. 1980 жылдан — Қазақстан КП Түлкібас аудандық комитетінің екінші хатшысы, аудандық атқару комитетінің төрағасы, 1990 жылдан — Түлкібас аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы. 1991 жылдан — халық депутаттары Түлкібас аудандық кеңесінің төрағасы. 1992 жылдан — Түлкібас ауданы әкімшілігінің әкімі. 1992 жылғы мамырдан Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, 1993 жылға мамырдан — бірінші орынбасары. 1993-1997 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі. 1997 жылғы желтоқсаннан — ҚР Көші-қон және демография агенттігінің төрағасы. 1999 жылғы қаңтардан — ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары — ҚР Президенті Әкімшілігі Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі. 2000 жылдан — ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы. 2003 жылдан — ҚР ішкі істер министрі. 2005 жылдан ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы. 2007 жылдан — ҚР-ның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі. 2009 жылғы тамыздан — ҚР-ның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті елшісі. 2012 жылғы сәуірден ҚР-ның Украинадағы Төтенше және Өкілетті елшісі, ҚР-ның Молдова Республикасындағы төтенше және Өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы.

2015 жылдан «Нұр Отан» партиясының хатшысы.

2017 жылдан Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары.

«Құрмет», «Парасат» ордендерімен, 4 медальмен марапатталған