Тұрсынқұлұлы Исмат  15.04.1941 жылы Қазығұрт ауданы, Алтынтөбе ауылында дүниеге келген. Партия, кеңес қызметкері.

1959-64 жылдары Қазақ ауыл шаруашылық институтының ауыл шаруашылығы өндірісін электрофикациялау факультетінде оқиды. Жамбыл, Қаратау «Сельэнерго» электр жүйелері басқармасында (1964), Шымкент облысы, комсомол комитетінің нұсқаушысы (1966), Ленгер тауданы комсомол комитетінің 1-ші хатшысы (1967), Ленгер ауданы «Қазығұрт» с/з –да Партия комитетінің хатшысы (1973-77), Қазақстан Ком. партиясының Шымкент  облысы комитетінің нұсқаушысы, бірінші хатшысының көмекшісі (1977), Түлкібас ауданы Халық Депутаттары Кеңесінде атқару комитетінің төрағасы, облыстық партия комитетінде Қаржы –шаруашылық бөлімі меңгерушісі (1981-82), Алғабас ауданы партия комитетінің бірінші хатшысы (1982-88), облыстық атқару комитетінің жоспарлау-экономикалық Бас басқармасында ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы (1990), Оңтүстік Қазақстан «Селден қорғау» басқармасының бастығы. (1990-95) қызметтерін атқарды. 1995 жылдан Оңтүстік Қазақстан облысы  ауыл шаруашылығы департаментінің бастығы қызметінде.

1971ж. Қазақ ССР-і Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, марапатталған. Бәйдібек, Төлеби аудандарының Құрметті азаматы.