Серік Адамұлы Төкеев 28.07. 1957 ж. Павлодар облысы Ермак қаласында дүниеге келген.

Қазақ күресі, самбо, дзю-до күрестерінен спорт шебері, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы (1993). Жаттықтырушы, балалар мен жасөспірімдер Шымкент облыстық спорт мектебінің (1992-2000), штаттағы командалар дирекциясы орталығының директоры. Бүкілдүниежүзілік самбо бірлестігінің мүшесі. Қазақ күресінен республикалық, халықаралық бірлестіктің төрағасы (2000 жылдан).

С.Төкеев педагогика ғылымдарының кандидаты.