C:\Users\Администратор\Desktop\ҚА\Құрметті азаматтар окончательный\115. Темір Өмірбек Темірұлы.jpg

Темір Өмірбек Темірұлы 1943 жылы 31 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданындағы Қызыл Октябрь ауылында дүниеге келген.

1956-1967 жылдары Шымкент педагогикалық училищесіне түсіп, оны Түркістан педагогикалық училищесімен біріктірілгеніне байланысты, 1960 жылы бітіріп шыққан.

Оңтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасының жолдамасымен Төлеби аудандық білім бөліміне қарасты С.М.Буденный атындағы сегіз жылдық мектепке аға пионер жетекшілігіне тағайындалған.

1963-1964 оқу жылында Еңбек Қызыл Ту орденді С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетінің күндізгі бөліміне түсіп, 1965 жылы кешкі бөліміне ауыстырып, Алматы облыстық сотының сот мәжілісінің хатшысы қызметінде 1968 жылғы маусым айына дейін атқарған.

1968 жылы маусым айында Алматы облыстық прокурорының бұйрығымен сол облысқа қарасты Кеген аудандық прокуратурасының тергеушісі қызметіне тағайындалып, сол қызметті 1970 жылғы шілде айына дейін атқарған. 1970 жылғы шілде айында Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының аға кеңесшісі қызметіне тағайындалып, оны сол жылдың желтоқсан айына дейін атқарған. 1970 жылы желтоқсан айының 13 жұлдызында Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Сарыағаш аудандық халық сотына халық судьясы қызметіне сайланып, осы қызметке 1976 жылы екінші рет сайланып, 1981 жылғы қазан айына дейін атқарған.

1981-1983 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық комитетінің жанындағы партия комиссиясы төрағасы қызметін атқарған. 1983-1985 жылдары ОҚО Кеңес атқару комитетінің Әділет бөлімі бастығының орынбасары қызметін, 1987-1995 жылдары ОҚО Төрелік сотының төрағасы қызметін атқарған. 1996-2007жылдары ОҚО сотының судьясы қызметін атқарды.