C:\Users\Маслихат\Desktop\Құрметті азаматтар окончательный\114. Телікбай Иса Телікбайұлы.jpg

Телікбай Иса Телікбайұлы 1922 жылы 25 желтоқсан Жума ауылында туылған. Әке-шешеден 5-6 жасында жетім қалып, Тұрбат ауылында ашылған жетім балаларды тәрбиелейтін үйде 1933 жылға дейін тәрбиеленіп, 1942 жылдың мамырына дейін нағашылар қолында тәрбиеленеді.

1942 жылы Ұлы Отан соғысына аттанып, Ленинград майданында, Фин шығанағында соғысқа қатынасып контузия болып, дала госпиталында емделді. Ленинград майданы 22-ші бекініс ауданы 106 пулеметті-артилерия батальонына жіберілді. Көрсетілген ерлігі үшін бірінші рет III-дәрежелі «Даңқ» орденімен наградталды. Соғыс біткеннен кейін «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен, «Ұлы Отан Соғысының» III-дәрежелі орденімен және «Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталды.

1945 жылы елге оралып, 1946 жылы Қаратас аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, бюро мүшесінің кандидаты және аудандық советтің депутаты қызметтерін атқарды.

1953-1958 жылдары Алматы жоғары партия мектебін бітірді.

1960-1962 жылдары Шаян аудандық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінде, аудандық комитетінің төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 1962-1964 жылдары Ленин ауданы Комсомол орта мектебінің директоры, 1964-1967 жылдары Әлішер Науайы колхозында штатты партия комитетінің хатшысы, 1967-1983 жылдары Ленин аудандық партия, комсомол және кәсіподақ органдарының бөлім меңгерушісі қызметін атқарған.

Партия, кеңес аппараттарында істеген қызметтерін жоғары бағалап, КСРО Жоғары Кеңесінің Жарлығымен «За трудовую доблесть» және «Трудовой отличие» және бірнеше мерекелік медальдармен марапатталады.

Жалпы Партия, кеңес аппараттарында 34 жыл қызмет атқарған, «Қазығұрт ауданының Құрметті азаматы», 2002 жылдан Қазығұрт ауданының төбе биі.