C:\Users\маслихат\Desktop\Сайт\Құрметті азаматтар окончательный\53.Ташқараев Әбдуғани.jpg

Әбдуғани Ташқараұлы Ташқараев 1941 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген, білімі жоғары, зейнеткер.

Еңбек жолын 1961 жылы «Чимкентстрой» Үй құрылысы комбинатында монтаждаушы шебер, аға прораб болып бастады. 1976 жылдан басшылық қызметтерде: «Чимкентқұрылыс» тресі Үй құрылысы комбинаты бастығының орынбасары, кейін бастығы болды.

Ә.Т.Ташқараевтың тікелей қатысуымен ірі өнеркәсіптік және мәдени-тұрмыстық объектілер: Шымкент фосфор зауыты, Шымкент мұнай айдау зауыты, қорғасын және Химфарм зауыт цехтары, Жамбыл, Қызылорда облыстарының, Гурьев қаласының объектілері пайдалануға берілді.

1976-1989 жылдары жалпы пайдалы алаңы 500,0 мың шаршы метр тұрғын үйлер мен мәдени-әлеуметтік объектілер пайдалануға берілді, күрделі қаржы игеріліп, 2371,0 млн. сом негізгі қорлар іске қосылды. Осы жылдар ішінде 25 орта мектеп және 40 мектепке дейінгі мекеме іске қосылды.

1993-1995 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарды.

Ә.Т.Ташқараев жұмыс істеген жылдарда құрылыс өндірісін жақсы білетін білікті маман ретінде көрсете білді. Өзінің қызмет күші мен іс-тәжірибесін ол тұрғын үй, әлеуметтік мәдени-тұрмыстық объектілердің құрылысын салуға жұмсады.

Қазіргі таңда Ә.Т.Ташқараев кең көлемде қоғамдық қызмет атқаруда: «Мұнай инвестмент тобы» ААҚ және «Шымкентдострой» ААҚ директорлар Кеңесінің төрағасы.

Қызмет жолындағы сіңірген еңбектері үшін «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуына байланысты мерекелік медалімен, Қазақ ССР Жоғары Кеңесінің Құрмет Грамотасымен, Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінісі зардаптарын жоюға қосқан белсенді қызметі үшін Қазақстан Республикасының Құрмет Грамотасымен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Калифорния штатының (АҚШ) құрметті азаматы.

Шымкент қалалық Мәслихатының 2002 жылғы 18 қыркүйектегі ХХV сессиясының № 224-2с шешімімен Ә.Т.Ташқараевқа, қаланың әлеуметтік мәдени-тұрмыстық объектілері мен тұрғын үй құрылысын салуға сіңірген еңбегі үшін «Шымкент қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.