C:\Users\Администратор\Desktop\ҚА\Құрметті азаматтар окончательный\113. Тасқұлов Иса Омарұлы.jpg

Тасқұлов Иса Омарұлы ( Иса Омар) – есімі республикаға белгілі журналист-жазушы, блогер. Ол 1958 жылғы 26 желтоқсанда ОҚО Қазығұрт ауданындағы Қаржан ауылында дүниеге келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін Алматыдағы ҚазМУ-дің журналистика факультетіне оқуға түсіп, 1981 жылы журналист мамандығын алып шыққан.

И.Тасқұлов арнайы жолдама бойынша еңбек жолын сол жылы Торғай облыстық «Торғай таңы» газетінде тілші болып бастады. 1983 жылы Шымкентке ауысып, облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінде тілші, жауапты хатшысының орынбасары, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды.

1990 жылы республикада тұңғыш болып тәуелсіз «Жас дәуір» атты газет ашып, редакторлық қызметін бастады.

И.Тасқұлов еліміз егемендік алғаннан кейінгі облыстағы алғашқы баспасөз хатшысы. Ол 1992-1998 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз хатшысы лауазымында мемлекеттік қызмет атқарды.

И.Тасқұлов 2003 жылдың 13 мамырынан бастап 2006 жылғы 13 мамырға дейін облыстық бас мемлекеттік басылым — «Оңтүстік Қазақстан» газетінде бас редакторы болып қызмет атқарды.

Ол 2006 жылдан қазірге дейін «Замана» Баспа үйі редакторлар кеңесінің төрағасы, «Замана» серіктестігінің бас директоры. И.Тасқұлов бүгінде республика әлеміне тарайтын бірнеше басылымдарға бас редакторлық жасайды.

И.Тасқұлов Қазақстан журналистер одағының, Қазақстан жазушылар одағының, Қазақстан авторлары қоғамының мүшесі.

Қаламгер И.Тасқұловтың Шымкент, Алматы, Ташкент, Бішкек баспаларынан «Ақ жаңбыр», «Арғы жағы мұхиттың, бергі жағы», «Аяқталмаған ән», «Жүрек сөзі», «Замана», «Изнанка изящного», «Бүтпөгөн ыр» атты кітаптары қазақ, орыс, өзбек және қырғыз тілдерінде жарық көрген.

И.Тасқұлов соңғы кездері өзінің ақындық және сазгерлік қырларымен көрініп жүр. Оның 200-ден астам толғаулары мен термелері, өлеңдері топтастырылған.

И.Тасқұлов қаламгер ретінде туған елінің жанашыры, өзі оқыған мектептің тұрақты демеушісі.

И.Тасқұлов «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» мерекелік медальдарының иегері. Ол облыстағы БАҚ саласы бойынша үздік кәсіпкер атағымен бірнеше рет марапатталған.