C:\Users\Маслихат\Desktop\Құрметті азаматтар окончательный\137.Сәрсенбеков Камардин.jpeg

Сәрсенбеков Қамардин Мәлікұлы 1944 жылы 31 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, қазіргі Бәйдібек ауданы, Қызыл-Арық ауылында, ұстаздар жанұясында дүниеге келген.

Қамардин Мәлікұлы 1962 жылы Жамбыл гидромелиорация-құрылыс институтына оқуға түсіп, оны 1968 жылы инженер-гидротехник мамандығы бойынша ойдағыдай бітіріп шығады.1968 жылдан 1982 жылға дейін өндірістегі қатардағы инженер-гидротехниктен облыстық су шаруашылығы басқармасы бастығының бірнші орынбасарлығы сияқты жоғары лауазымға көтерілді. 1982-1986 жылдары облыстық партия комитетінде сектор меңгерушісі, ауыл шаруашылығы және ұйымдастыру бөлімдері меңгерушілерінің орынбасары, 1986-1996 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық агроөнеркәсіп кәсіподақ комитетінің төрағасы болып қызмет етеді.

Қамардин Мәлікұлының 1968-2000 жылдар арасында, отыз екі жыл бойы облыс экономикасының кең қанат жайып өркендеуіне қосқан үлесі орасан зор. 2000 жылы Қамардин Мәлікұлы «Сарыағаш» шипажайына директор болып бекітілді.

Халықаралық «Эртсмейкер» бағдарламасының Президенті, Лондондағы банкирлер интитутының толық мүшесі Питер Мамо мырза өзі басқаратын халықаралық «Эртсмейкер» бағдарламасының Дипломымен «Сарыағаш» шипажайының қол жеткен орасан жетістіктеріне қосқан жеке үлесі үшін «Сарыағаш» шипажайының директоры Қамардин Сәрсенбековті арнайы марапаттады.

Қамардин Мәлікұлы 1982 жылы «Еңбектегі ерен еңбегі үшін», 2004 Қазақстан Республикасының «Құрмет» орденімен, 2006 жылы «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл медалімен», 2011 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен наградталған.