Жеңісбай Әбдікәрімұлы Сұлтанов 1963 жылдан бастап 1971 жылға дейін Шымкент қаласының құрылыс ұйымдарында және Гурьев қаласындағы «Химфарм» зауытында жұмысшы және инженер лауазымдарында жұмыс істеді.

1971-1974 жылдары гидромелиоративтік техникумында комсомол комитетінің хатшысы және Түлкібас аудандық партия комитетінің нұсқаушысы болды. Одан кейін аудандық партия комитетінің жолдамасымен ішкі істер саласына қызметке жіберілген.

Ж.Ә.Сұлтанов 20 жыл бойы командалық лауазымдарда, алдымен аудандық бөлімде, одан кейін қалалық және Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер басқармасында қызмет атқарды. 1982 жылдан бастап, облыстық МАИ басшысы, облыстық ІІБ бастығының бірінші орынбасары, ал 1993 жылдың ақпан айынан бастап облыстың ішкі істер басқармасының бастығы, 1997 жылдың мамыр айынан бастап ҚР  ІІМ Шымкент қалалық заң колледжінің бастығы болып жұмыс істеді.

Шымкент қаласында қалалық және облыстық МАИ және ішкі істер органдарында қызмет еткен жылдарында Ж.Ә.Сұлтанов аймақтағы құқықтық тәртіп заңдылығын сақтау, қылмыскерлікпен күресті күшейту жөнінде көп істер тындырды. Әсіресе, ол аудандық және қалалық милиция органдарында кадр құрамын нығайтуға, құқық қорғау органдарындағы қайта құруларға байланысты олардың қызметін қайта ұйымдастыруға айрықша назар аударды.

Жеңісбай Әбдікәрімұлы жыл сайын облыстық және қалалық масштабтағы қоғамдық-саяси шараларды дайындап өткізуге белсене қатысады. Оның қызметтік еңбегі «Мінсіз қызметі үшін», «Милиция үздігі», «ІІМ үздік еңбегі үшін» медальдарымен, Қазақстан Республикасы ІІМ Құрмет грамоталарымен атап өтілген.

Шымкент қалалық мәслихатының 2001 жылғы 15 қазанындағы XIV сессиясының № 145-2с шешімімен Ж.Ә.Сұлтановқа, қаладағы құқықтық тәртіптілікті және заңдылықты нығайтуға қосқан үлесі үшін «Шымкент қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді