C:\Users\Администратор\Desktop\ҚА\Құрметті азаматтар окончательный\112. Сыздық Қанжігіт Сыздықұлы.jpg

Сыздық Қанжігіт Сыздықұлы 1951 жылы 11 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданындағы Талапты ауылында дүниеге келген.

Қазіргі таңда зейнеткер, алайда денсаулық, әлеуметтік сала базаларын нығайтуға, қала көшелерін, алаңдарын, саябақтарын және басқа да обьектілерді көркейтуге, аудандағы тұрмысы нашар отбасыларына, сондай-ақ, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне қол ұшын беріп, ел ағасына бөленіп, жемісті еңбектер атқаруда.

Еңбек жолын 1972-1973 жылдары өндірістен босатылған хатшысы, ОҚО, «Талапты» совхозы комсомол комитеті, 1973-1975 жылдары инспектор, Қызылқұм аудандық қаржы бөлімі, 1975-1982 жылдары Қызылқұм аудандық комсомол комитетінің екінші, бірінші хатшысы, 1982-1987 жылдары Арыс совхозы партия комитетінің хатшысы, ОҚО партия комитетінің нұсқаушысы, бас инспекторы, 1987-1989 жылдары Қызылқұм ауданы «Темір» совхозының директоры, 1989-1991 жылдары Қызылқұм ауданының Кеңес атқару комитетінің төрағасы, 1991-1992 жылдары Қызылқұм ауданы «Шәуілдір» совхозының директоры, 1992-1993 жылдары Отырар ауданының әкімі, 1994-1997 жылдары Отырар ауданы «Көкмардан» совхозының директоры, 1997-2009 жылдары Отырар ауданы, Түркістан қаласы, Төлеби ауданы бойынша салық комитетінің төрағасы, 2009-2010 жылдары ҚТЖ «Жолаушылар тасымалы» АК Президентінің кеңесшісі, Астана қаласында қызмет еткен.