Досым Қасымұлы Сүлеев 1947 жылы 7 наурызда ОҚО Сарыағаш қаласында дүниеге келген.

1970 жылы В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық университетінің автоматика және есептеу техникасы факультетін бітіріп, техникалық кибернетика кафедрасында инженер қызметіне қалдырылды. Мәскеудің Болат және қорытпалар институтының аспирантурасының күндізгі бөлімін тәмамдап және кандидаттық диссертациясын сәтті қорғағаннан кейін, Қазақ политехникалық институтына педагог ретінде жіберілді. Осы институт қабырғасында ассистенттен доцент қызметіне дейін және институттың партия кеңесі төрағасының орынбасары қызметіне дейін көтерілді. 1984 жылдан Алматы қалалық партия кеңесінің Білім беру бөлімінде жұмыс жасады. 1986 жылдың сәуірінен бастап, 10 жыл барысында Алматы энергетикалық институтында оқу жұмысы жөніндегі проректоры қызметін атқарды. 1997 жылдың наурызында Қазақстан Республикасының Білім беру және Мәдениет Министрлігінің Жоғары және арнайы білім беру Департаментінің директоры қызметіне тағайындалды. Осыдан кейін Қазақстан Республикасының Білім беру, Мәдениет және Денсаулық сақтау Министрлігінің, Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің Басқару департаментінің директоры қызметін атқарды. 2001 жылдың қаңтар айында Үкіметке – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Канцеляриясының Қоғамдық мәдени даму бөлімінің бастығы қызметіне ауыстырылды. 2001 жылдың шілде айында Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университеттің ректоры болып тағайындалды. 2004 жылдың қазан айынан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының Жер туралы ғылым бөлімінің төрағасы болып келеді. Досым Қасымұлы – көптеген жылдар бойы Қазақстан Республикасы Ғылым және білім беру министрлігінде және жоғары оқу орындарында басшылық жұмыстар атқарған, жоғары мектеп жүйесіндегі оқу-тәрбие және ғылыми жұмыстардың тәжірибелі, талантты ұйымдастырушысы.

Д.Қ.Сүлеев «Дос-Мұқасан» ансамблінің негізін салушы және алғашқы басқарушысы. «Дос-Мұқасан» – Бүкілодақтық талантты эстрада әртістері сайысының және Берлин қаласында өткен Х Бүкіләлемдік жастар және студенттер фестивалінің лауреаты болып табылады.

Д.Қ.Сүлеев халыққа танымал «Той жыры», «Алматы түні», «Жан досым» сияқты тағы басқа 20 өлеңнің және әуеннің авторы. Оның өлеңдері мен әуендері Республикалық теледидар және радио музыкалық қорына енген. Бірнеше грампластинкалар мен авторлық музыкалық шығармалар жинағы шығарылған. Д.Қ.Сүлеев – ірі ғалым, басқару және автоматтандыру және білім берудің қазіргі заманғы технологиялары саласының маманы. Өзінің ғылым жолында 200-ге жуық ғылыми мақала, соның ішінде төрт монография, студенттерге және техникалық жоғарғы оқу орындарының оқытушыларына арналған бес оқу құралын жазып шықты. Үйленген, екі баласы бар.  СССР-дың екі медалімен және Қазақстан Республикасының 3 медалімен. 2007 жылдың қазан айында «Петр Великий» орденмен марапатталды. Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген қайраткері» құрметті атағымен, «Әлемнің көрнекті ғалым-педагогі» атағымен – (Халықаралық Библиографиялық орталық, Кембридж, Англия), А.Байтұрсынов атындағы күміс медалмен марапатталды. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің құрметті қызметкері