Сүгірәлиев Ағабек 1937 жылы 27 наурызда ОҚО Төлеби ауданы, Ворошилов колхозында  дүниеге келген.

1949-1955 жылдары Куйбышев атындағы орта мектеп бітіріп, туған ауылындағы колхоздың 4 жылдай жылқышы болып еңбек етіп, 1959 жылы Қазақ химия-технология инстутының тамақ өнеркәсіп факультетіне оқуға түсіп оны 1964 жылы бітіріп шығады. Орал қаласындағы ет комбинатына жұмысқа келіп, технолог болып қызмет жасады. 1965 жылдан Шымкент қаласындағы «Қазетсүтсаудасы» мекемесінде технолог болып жұмыс істеді, жақсы қызметтің арқасында директордың орынбасары, 1978-1988 жылдары директоры болды.1988 жылы Шымкент ет комбинатының бас директоры қызметтерін атқарды. Сауда министірінің Құрмет грамотасымен, Тың игерудің 40,50 жылдық медальдарымен марапатталған. Еңбек ардагері.

Төлеби ауданының Құрметті азаматы