C:\Users\Маслихат\Desktop\Құрметті азаматтар окончательный\138.Сосюре Владимир Иванович.jpeg

Сосюра Владимир Иванович 1936 жылы 17 қыркүйекте Украина КСР, Донецк қаласында дүниеге келген. 1937 жылдың басында жанұясы Оңтүстік Қазақстан облысына қайта оралды. Сол уақыттан бастап, оның бүкіл саналы өмірі Қазақстанның оңтүстігімен байланысты. ОҚО, Киров ауданында орта мектепті бітірген соң, ол 1950 жылы Шымкент Индустриалдық техникумына оқуға қабылданып, оқу мен жұмыс практикасын қатар алып жүрді. Қаладағы түрлі құрылыс алаңдарында тас қалаушы, ағаш ұстасы, арматурашы, бетоншы болып істеп, жұмысшы мамандықтарын меңгерді. Оқуды өнеркәсіп және азаматтық құрылыс техник-құрылысшы мамандығын алып тәмамдаған жас маман жолдамамен Гурьев қаласына жұмысқа жіберілді. Онда Мұнай өндеу зауытында және А.Микоян атындағы балық өндеу зауытында өндіріс шебері болып жұмыс істеді. Сондағы «Қазмұнайқұрылыс» трестінің №6 құрылыс монтаж басқармасында прорабтан бастап, бас инженер лауазымына дейінгі қызметтік сатыдан өтті.

1957 жылы Шымкент қаласына қайта оралып, Цемент құрылыс басқармасына өндіріс шебері болып орналасып, өндіріс бөлімі бастығы лауазымына дейін өсті. 1962 жылы «Шымкентпромстрой» трестіне өндіріс бөлімі басшысы болып тағайындалды. Бұл кезеңде Шымкент қаласы Одақтық көлемде индустриалды аймаққа айнала бастаған болатын. Осы уақытта ол Қазақ химия-технология институтын «Өндірістік және азаматтық құрылыс» факультетінің кешкі оқу бөліміне түсіп, 1968 жылы өндірістен қол үзбей тәмамдап, құрылысшы-инженер мамандығын алды. Сол жылы, «Стройиндустрия Главриссовхозводстрой» трестінің бас инженері болып тағайындалады. Сол жылдары, Түркістан қаласында өндіріс базасы Темірбетонөнімдері комбинаты, Жөндеу зауыты, Қарашық карьері, Иқан совхозы,Сатпаев совхозы, Біркөлік демалыс аймағы және т.б құрылыстарды басқарды. 1970 жылы «Шымкентпромстрой» трестінің басшысы болып тағайындалды. 1972 жылы «Шымкентпромстрой» трестінің бас инженері қызметіне ауысып, осы қызметті 2015 жылға дейін абыроймен атқарды.

Сосюра Владимир Иванович КазССР Жоғарғы Кеңесі президиумының Құрмет грамотасымен, «Еңбегі үшін» медалі, «ҰОС кезіндегі үшін» медалі, «В.И.Лениннің 100 жылдығы» медалі, «Ұлы жеңістің 65 жылдығы» медалі, «Ұлы Жеңістің 70 жылдығы» медалі, «КССРО АҚ үздігі», «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған.