C:\Users\Администратор\Desktop\ҚА\Құрметті азаматтар окончательный\82. Сексенбаев Дерібсәлі.jpg

Сексенбаев Дерібсәлі 1939 жылы туған, ұлты қазақ.

1962 жылдан бастап ординатор, Оңтүстік Қазақстан облыстық емханасында кеуде хирургиясының меңгерушісі, ОҚО денсаулық сақтау Департаментінің бас хирургі болып жұмыс істеді.

1990 жылдан 2002 жылға дейін Облыстық клиникалық емхананың бас дәрігері болып істеген. 2002 жылдан қазіргі уақытқа дейін Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясында алдымен факультеттік хирургия кафедрасының меңгерушісі қызметінде, содан соң хирургиялық пәндер кафедраның профессоры қызметінде жұмыс істеп келеді.

500-ге жуық ғылыми еңбектері, оның ішінде 3 оқулық, 4 монография, 13-тен астам өнертабыс, 9 патенті бар.

Д.Сексенбаевтың еңбектері кеуде және іш ағзаларының хирургия мәселесіне арналған, іш қуыстарына, тамыр хирургиясына, урологияға, ірің-септикалық хирургияға арналған.

Оңтүстік Қазақстан облысының тәжірибелік денсаулық сақтау басқармасы бөлімшесінің ұйымдастырушысы болып табылады.

Профессор Д.Сексенбаев — аймақтағы мамандандырылған хирургияны дамытудың негізін қалаушы. Оның жетекшілігімен 7 докторлық және 24 кандидаттық диссертациялары қорғалды.

Д.Сексенбаев көптеген ғылыми-қоғамдық жұмыс атқарады. Ол ОҚО хирургтары ассоциациясының ғылыми төрағасы, «Қазақстанның денсаулық сақтауы», «Қазақстан хирургиясы», «ОҚМФА-ның хабаршысы» журналдарының редакциялық кеңес мүшесі.

Д.Сексебаев көпжылдық жемісті еңбегі үшін «Парасат» орденімен, Жоғары Кеңес және ҚазКСР министрлер кабинетінің Мақтау қағазымен марапатталған, «КСРО-ның денсаулық сақтау үздігі» төсбелгісімен, КСО-ның ХШЖК күміс медалімен, ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің Құрмет мадақтамасымен марапатталған.