Сейітжанов Серікжан  1949 жылы 2 маусымда дүниеге келген. Білімі  жоғары, 1971 жылы  Қазақ химия-технологиялық институтын бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі: инженер-құрылысшы-технолог.

Еңбек жолын 1964-1966 жылдары Қызылқұм ауданы Шелек совхозының тракторшысы болып бастаған. 1966-1971 жылдары  Қазақ химия-технологиялық институтының студенті,1971-1990 жылдары  Шымкент қаласында Қазақ ауыр құрылыс министрлігінің «Чимкентпромстрой» тресінің директоры, 1990-1991 жылдары Шымкент қалалық коммунистік партиясының хатшысы, 1991-2003 жылдары Шымкент қаласы «Оңтүстік»АҚ президенті болған. 2003 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласында «САУТС-ОЙЛ» ЖШС президенті қызметін атқарып келуде.

Сейітжанов Серікжан  құрылыс саласында Шымкент қаласының өркендеуіне едәуір үлес қосқан ардақта азамат. Бүгінгі таңда жеке кәсіпкерлік саласында жұмысын  нәтижелі дөңгелетіп кележатыр.

Сейітжанов Серікжан   еңбектегі жетістіктері мемлекетіміздің мынадай марапаттары мен  құрметті атақтарына ие болған: «III дәрежелі Барыс», «Парасат», «Құрмет» ордендері, «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл»,   «2008 жылдың білім меценаты», «Алтын Жүрек», «Қазақстан көшбасшысы»  медальдарын алған.