C:\Users\Администратор\Desktop\ҚА\Құрметті азаматтар окончательный\110. Сейджаппаров Нұрлан Сейітқұлұлы 1.JPG

Нұрлан Сейітқұлұлы Сейджаппаров 1949 жылы 13 наурызда Шымкент қаласында туылған. Мамандығы бойынша құрылысшы-инженер технолог.

Еңбек жолын құрылыс басқармасының өндіріс саласынан бастады. Кейіннен мекеменің комсомол жұмысында жүріп комсоргтан Оңтүстік Қазақстан облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы дәрежесіне дейін көтерілді. 6 жыл бойы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарды. Қазақ ССР-і Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды.

Н.Сейджаппаров кейінгі жылдары Өзбекстанда жұмыс істеді. Ол екі жарым жылдай Ташкент қаласындағы «ГлавТашкентстрой» жүйесіндегі «Промстройиндустрия» ірі бірлестігінің бас директоры орынбасары қызметін атқарған.

1998 жылы ОҚО-тық жер комитетінің төрағасы, 1999-2002 жылдары аралығында ОҚО әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Нұрлан Сейітқұлұлы бүкіл еңбек жолында қоғамдық саласының дамуына үлесін қосқан, ОҚО-ның өсіп-өркендеуіне, экономикалық тұрғыдан өрлеуіне сүбелі үлес қосып, қолынан келген көмегін аямай келе жатқан еңбек ардагері, абыз ақсақал.