Сауырбаева Жұмакүл Қошуаққызы 1945 жылы 24 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай ауданының Киров ауылында туылған.

1958 жылы еңбек жолын Молотов атындағы колхозда бастаған Жұмакүл Қошуаққызы өзі қатары жастардың ұйытқысы бола білді. 1960 жылы аудандағы механизаторлар курсын бітіріп, 1968 жылға дейін «Жетісай» совхозының №1 бөлімшесінде механизатор болып қызмет етті. 1968-1997 жылдары «Жетісай» кеңшары 1-бөлімшесі механикаландырылған кешенді мақта бригадасының жетекшісі, 1997-2009 жылдары «Жұлдыз-С» өндірістік кооперативінің төрайымы қызметтерін атқарған. Ол қарапайым жұмысшыдан қызметтің жоғары тұғырына дейін көтерілді. Өзінің тынымсыз ізденісі мен жанқиярлық еңбегінің арқасында аудан, облыс қана емес, Республикаға атақ-даңқы таралды. Ер азаматтармен іргелес темір тұлпарды тізгіндеу нәзік жандылар үшін қаншалықты ауыр болмасын қайратты да, қажырлы, еңбекқор Жұмакүл Қошуаққызы сол азаматтармен тізе қоса жүріп, еліміздің, жеріміздің гүлдеп өркендеуіне елеулі үлес қосты. Дархан даламыздың ерке гүлі халқымыздың көз алдында биіктен-биікке өрлеп, Бүкілодаққа танымал болды.

Оның шаруашылықтағы мол тәжірибесі Одақ көлемінде таратылып, еңбектің шыңына шыққан бел-белесте жұлдызы жарқырай түсіп, туған даласына ұқсаған дархан мінезімен дараланып тұрды.

Жұмакүл Қошуаққызының елі үшін еткен еңбегі елеусіз қалмағаны өкімет тарапынан берілген мақтау марапаттардан көрініп тұр.

1965 жылы Сырдария облысы Еңбекшілер Советі депутаттығына сайланды.

1965 жылы «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды.

1965 жылы «СССР орденімен» марапатталды.

1967 жылы Сырдария облысы Еңбекшілер Советі депутаттығына сайланды.

1968 жылы Сырдария облысында «Мастер сева» дипломымен марапатталды.

1969 жылы Сырдария облысының депутаттығына сайланды.

1970 жылы «1870-1970 Лениннің 100 жылдығына орай» медальмен наградталды.

1970 жылдары «Паша Ангелина» жүлдесі бюстінің жүлдегері.

08.04.1971 жылы «Қызыл ту» орденімен (№695520) марапатталды.

1971 жылы №263 Қарақай сайлау округінен еңбекшілер депутаттарының Шымкент облыстық Советіне депутат болып сайланды.

10.12.1973 жылы «Ленин орденімен» (№444869) марапатталды.

11 ақпан 1974 жылы Шымкент облысы Жетісай аудандық комитеті партиясының мүшесі болды.

1975 жылы Қазақ ССР-інің еңбекшілер депутаттарының Шымкент облыстық Советінің депутаты (№107) болып сайланды.

1976 жылы 18 октябрьде ХХІІ партия конференциясында Қазақстан коммунистік партиясының Шымкент облыстық комитетінің мүшесіне кандидат (№28) болып сайланды.

1977 жылы Қазақ ССР-нің еңбекшілер депутаттарының Шымкент облыстық Советінің депутаты болып сайланды.

1978 жылы Қазақстан Компартиясы Жетісай аудандық комитетінің мүшесі болып сайланды.

1978 жылы XXV партия конференциясында Қазақстан компартиясы Жетісай аудандық комитетінің мүшесі болып сайланды.

20.12.1979 жылы Жетісай ауданының Калинин селолық Советінің депутаты болып сайланды.

1979 жылы 10 шақырылымда Жоғарғы Кеңес депутаты болып сайланды (№657)

3 наурызда 1980 жылы Социалистік Еңбек Ері Алтын Жұлдыз «Серп и малот» медалі (№035504) , «Ленин» орденімен (№052416) марапатталды.

1980 жылы Қазақстан Компартиясы Жетісай аудандық комитетінің мүшесі болып сайланды.

1980 жылы XXVІ Партия Конференциясында Жетісай аудандық комиетінің мүшесі болып сайланды.

26 мамыр 1981 жылы Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Алтын Құрмет кітабына жазылды.

20 наурыз 1982 жылы «Член всесоюзного центрального совета профессиональных союзов, избранным XVІІ съездом профсоюзов СССР»

1982 жылы СССР 60 жыл Москва-Кремль «Алтын Жұлдыз» орденімен марапатталды.

1983 жылы Қазақстан Компартиясы Шымкент облыстық комитетінің мүшесі болып сайланды.

1984 жылы «ВЛКСМ трудовая доблесть» Алтын медалімен (№1403) марапатталды.

1985 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Советінің депутаты болып сайланды.

14 август 1986 жылы «Жетісай» совхозының кәсіподақ комитеті төрайымы болып сайланды.

15 май 1987 жылы «Жетісай» совхозының кәсіподақ комитеті төрайымы болып сайланды.

Қазақ Советтік Социалистік Республикасының 60 жылдығы құрметіне алтын медалмен марапатталды.

17 февраль 1989 жылы республикалық XІV съезінде Қазақ ССР тұтынушылар қоғамдары одағының Советіне мүше болып сайланды.

1 наурыз 1994 жылы Жетісай аудандық маслихат депутаты болып сайланды.

23 наурыз 1997 жылы Жетісай аудандық Мәслихатының №12-119 шешімімен Жетісай ауданының «Құрметті азаматы» атағы берілді.

2001 жылы 2 шілдеде Қазақстан Аграрлық партиясының «Құрметті мүшесі» болып сайланды.

2002 жылы 29 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысының «Құрметті азаматы» атағы берілді.

2003  жылы 20 қазанда Мақтарал аудандық мәслихатының депутаты болып сайланды.

2004 жылы «Отан» орденімен наградталды.

2004 жылы «Тыңға 50 жыл» медалімен наградталды.

Жүзден астам мақтау қағазы мен марапаттары бар.

Ж. Сауырбаева – Мақтарал ауданының және ОҚО Құрметті азаматы атағы берілді.

Ж. Сауырбаева 2009 жылдың 25 желтоқсан күні дүние салды